
21 қаңтарда елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан INDOOR RUN ASTANA 2024 жыл сайынғы жабық кешендегі турнир өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Турнирдің мақсаты – жеңіл атлетиканы насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және халық арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Жарысқа 1000 м, 1 миль, 2000 м, 3000 м жүгіру, эстафеталық жүгіру (микст) және нокаут жарысы сияқты түрлері кіреді.
Оған қатысуға Ресей, Ұлыбритания және Қазақстан сияқты елдердің 23 желаяқ клубынан 120-дан астам әуесқой спортшы өтінім берді.
Сондай-ақ, жарысқа зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясының командасы қатысады.
Турнирдің ашылу салтанаты сағат 09.45-те өтеді, ары қарай жарыстың өзі басталады.