
Ауа райына байланысты елордада екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылғы 16 қаңтарда екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.
Айта кету керек, бұл күндері елордада аяз орнап, ауа температурасы -30 градусты көрсетіп тұр.