
Елордада аязды ауа райына байланысты 15 қаңтарда екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқитын болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылғы 15 қаңтарда екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», - деп хабарлады елорданың білім басқармасы.
«Қазгидромет» 15 қаңтар күні елордада ауа райы -25 градусқа дейін аяз болады деген болжам жасады.