Барлық сұрағыма жауап алдым – қалалық мәслихат депутаты Президенттің интервьюі жайында

Барлық сұрағыма жауап  алдым – қалалық мәслихат депутаты Президенттің интервьюі жайында

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған ауқымды интервьюінен қазақстандықтар елдегі саяси процестерге қатысты барлық сауалдарына толыққанды жауап таба алады. Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Салтанат Дженалаева осындай пікір айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде шыққан ауқымды интервьюін оқып шықтым. Бүгінгі тарихымыздың барысына әсер еткен Қаңтар оқиғасына қатысты жедел әрі нақты шешім қабылдауға тура келген қызықты жайттар қамтылған. Президент елімізде қордаланған әлеуметтік мәселелердің қалай шешілгені туралы баяндады. Бұл мектеп құрылысы, оның ішінде «жайлы мектеп» салу, медициналық нысандар салу, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды кешенді қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодексті енгізуге қатысты. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік төлемдер бекітілді. Денсаулығы мен өміріне төнетін қауіпті ескере отырып, табиғат қорғау қызметінің мамандарына қосымша төлем бекітілді.
Медициналық қызметкерлер, мектеп, колледж, балабақша педагогтарының жалақысы артты. Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң қабылданды.
Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып, ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі қабылданды. Бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылдан не күтетін, Қазақстанда өтетін маңызды шаралар жайлы баяндады.
Көпшілік бұл интервьюден өзін толғантқан сұрақтарына жауап таба алатынына сенімдімін. Мен балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасағандарға қандай шаралар қолданылатыны және алдын алу жұмыстары қалай күшейтілетіні туралы білгім келген. Интервьюден осы сұрақтардың жауабын алдым», - деді Салтанат Дженалаева.