
27-28 наурыз аралығында Қазақстан астанасында коронавирусты жұқтырудың 47 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін қалалық әкімдікте өткен брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова хабарлағандай, 27 наурызда қалада 15 оқиға, 28 наурызда – 32 коронавирусты жұқтыру оқиғасы (КВИ) тіркелген. Оның ішінде 41 оқиға - шамамен 90% - ы жақын байланыста болған, бұрын оқшауланған және стационарлық бақылаудағы адамдар. Қалған 6 жағдай мониторинг барысында анықталды: 1-қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар елден келген азамат, 5 адам КВИ науқастарымен байланыста болғандар.
Бүгін хабарланғандай 28 наурызда КВИ-дан сауығып кеткен 11 науқас үйлеріне шығарылады, олар 16-17 наурызда Нұр-Сұлтанның жұқпалы аурулар ауруханасында стационарлық емделуде болған.
«Барлық пациенттер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес емдеу схемасын толық аяқтады. Жүргізілген емдеуден кейін 24 сағат интервалымен КВИ-ға зертханалық зерттеу 2 рет жасалып, сараптама нәтижесі теріс болып шықты. Аталған тұлғалар 14 күн бойы үй карантиніне ұсыныстармен шығарылатын болады», - деді С. Кисикова.