Астаналық азамат SMM туралы тегін дәріс береді

Астаналық азамат SMM туралы тегін дәріс береді

Астаналық блоггер әрі "Арнау" даму орталығы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлан Әбішев төтенше жағдай кезінде SMM туралы тегін дәріс беруде",  - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Өзімнің "Арнау" даму орталығы" қоғамдық бірлестігімнің аясында және #Бізбіргеміз акциясын қолдау мақсатында SMM-ілгерілету бойынша онлайн форматта тегін дәрістерімді ұсынамын. YouTube каналын ашу, видео түсіру, сондай-ақ әлеуметтік желілерде материалдарымды қалай насихаттаймын, таргеттелген жарнаманы қалай орнатуға болатыны туралы өз тәжірибеммен бөлісем",-  деді Ұлан Әбішев Facebook парақшасында.

Ол сондай-ақ, әлеуметтік желілерде ілгерілету негіздеріне арналған дәрістерін қашықтықтан өткізіп жатқанын жеткізді.

"Ол үшін арнайы чат аштым. Қазір 100-ден астам адам бар. Ол жерге барлық ақпараттық материалдарымды, видеолар мен ұсыныстарымды саламын. Бірінші күні Facebook желісіндегі жұмыс туралы,  екінші күні instagram тетіктері, үшінші күні YouTube каналын ашу және контенттік толтыру құпияларымен бөлістім",  - деді астаналық белсенді азамат.

Оқу дәрістерінің ұзақтығы бес күнге арналған.

"Осы уақыт YouTube, Facebook, Instagram жұмысы туралы білуге жеткілікті. Ары қарай оқу дәрістерін жекелеген сабақ аясында өткізуге болады",- деді Ұ. Әбішев.