Елордалық "Жанұя"орталығында балаларға қайырымдылық шыршасы өтті

Елордалық "Жанұя"орталығында балаларға қайырымдылық шыршасы өтті

Астанадағы "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына арналған жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Біз "Жанұя " орталығымен белсенді жұмыс істейміз. Біздің бағыттарымыздың бірі-өмірлік қиын жағдайда қалған отбасылармен жұмыс жасау. Сондықтан, жаңа жылдық іс-шараларды мерекелеу қарсаңында қала әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қайырымдылық шыршасына бастамашы болды. Мерекелік іс - шара осы отбасылардың қолдауын сезініп, жылулық пен жайлылыққа бөленуі үшін ұйымдастырылды",-деді қала әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлығаш Саркенова.

Мерекелік іс-шараға халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатысты. Олар үшін шеберлік сыныптары, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылымдар өткізілді.

Сондай-ақ, барлық балалар Аяз Ата мен Ақшақардан жаңа жылдық сыйлықтар алды.
"Жыл сайын біз қайырымдылық мерекелік іс-шара өткіземіз. Бүгін жаңа жылдық көңіл күй сыйладық. Балалардың күлімсіреп, қуанып, әр мерекеден ләззат алуы маңызды", - деді Астана әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Баян Тойкебаева.