Нұр-Сұлтанда азаматтардың қала ішіндегі қозғалысына шектеулер енгізіледі

Нұр-Сұлтанда азаматтардың қала ішіндегі қозғалысына шектеулер енгізіледі

 Елордада ағымдағы жылдың 30 наурызы мен 6 сәуірі аралығында қала ішінде адамдар мен жеке көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

 Келесі жағдайларда ғана тұрғындардың қозғалысына рұқсат етіледі:

  1) жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлік болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қарай қатынау;

 2) азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрғылықты жері немесе жұмыс орны жақын орналасқан дүкендер мен дәріханалардан сатып алу;

 3) төтенше жағдайда медициналық мекемеге бару;

 4) үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету.

 Меншік нысанына қарамастан, өз қызметін тоқтатпаған ұйымдар жұмыскерлерді жұмыс орнына жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ қызметкерлерге жұмыс орнынан анықтама беруі керек.

 Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті төтенше жағдай және карантин кезеңі үшін белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда тиісті әкімшілік шараларды қолданады.

 Азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда серуендеуіне жол бермеу мақсатында шектеулерге сәйкес патрульдеу жұмысы ұйымдастырылды.