Астанада аттракциондар мен пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігін қалай тексереді

Астанада аттракциондар мен пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігін қалай тексереді

2023 жылы Астана қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті жоспардан тыс 19 тексеру жүргізді. Оның ішінде прокуратурамен бірлескен 5 тексеру, аттракциондар мен пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі бойынша 308 кәсіби бақылау жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитеті Департаментінің басшысы Рүстем Айменов коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Тексеру нәтижесінде ҚР ӘҚБтК 2-т.және 3-т., 1-т., 802-б. бойынша жауапкершілікке 14 кәсіпкерлік субъектісі тартылды. Жалпы сомасы 13 252 100 теңгеге 14 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 12 млн теңгеге жуығы өндірілді. 3 субъектіге техреглменттің талаптарына сәйкес келмейтін өнімге тыйым салу және айналымнан алу туралы қаулылар берілді.

«Біздің жұмысымыз түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті туралы айтатын болсақ, бұл техрегламент адамның өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлкін қорғау мақсатында Аттракциондардың қауіпсіздігіне және олармен байланысты жобалау, дайындау, монтаждау (құрастыру, орнату), баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді, тұтынушыларды шатастыратын әрекеттердің алдын алу", - деп түсіндірді спикер.

Екінші маңызды мәселе-жаңа жыл қарсаңында белсенді сатылатын пиротехникалық өнімдер. Пиротехникалық бұйымдарға қатысты Кеден одағының «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы»техникалық регламенті қолданылады.

Спикер өз сөзінде, өндірушілер, импорттаушылар, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалар, сәйкестікті міндетті түрде растауға жататын өнімді сатушылар міндетті:

1) Өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) өнімнің сәйкестігін растауды жүргізуді қамтамасыз етуге;
3) сатып алушылардың, оның ішінде тұтынушылардың талап етуі бойынша сәйкестік сертификаттарын, өнімнің сәйкестігі туралы декларацияларды, олардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

«Жоғарыда аталған Заң нормаларын сақтамау фактілері бойынша Астана қаласы, Жирентаев көшесі, 18 мекенжайында орналасқан біздің департаментке жүгіну керек», - деп қорытындылады Рүстем Айменов.