
Нұр-Сұлтан қаласы шіркеу қызметшісі архимандрит Сергий елорданың православиелік христиандарына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
«Қымбатты ағайын! Біздің әрқайсымыз Құдай алдында басты христиандық парызымыз – жақындарымызға деген махаббат парызын өтейтін сәт келіп жетті. Бүгін жанымыздағы адамдардың, әсіресе, коронавирусты жұқтыру қаупіне аса бейім егде жастағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтай алатынымыз біздің әрқайсымызға байланысты», – деді діни қызметші.
Ол Православ шіркеуінің келушілерін коронавирусты жұқтыру жайдайларын болдырмау мақсатында карантин кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануға шақырды.
«Осы күндері жақындарымызға қамқорлық танытып, олардың өмірін сақтайық!» – деп атап өтті архимандрит Сергий.