
Елорданы газдандыру Сарыарқа ауданынан басталды. Қазір бес мыңға жуық абонент газға қосылды. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Бауыржан Ералы мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ауданда барлығы 5 141 абонентті қосу жоспарланған, оның 96%-ы немесе 4 910-ы көгілдір отынға қол жеткізе алады: Көктал 1 тұрғын алабында – 1591; Көктал 2 – 648; Агроқалашық – 2671.
Жыл басынан бері 1300-ден астам абонент қосылды.
Сондай-ақ, газға тұрғын үй алаптарында орналасқан 17 әлеуметтік нысан қосылған.
Әлеуметтік бағдарламалар аясында ауданның 254 абоненті газды қосуға көмек алды.
Халық Банкімен меморандум арқылы әлеуметтік осал топтары санатындағы 68 абонент қосылды.