
Сарыарқа ауданы елордадағы көгалдандырылған аудандардың бірі болып саналады. Көгалдандыруға көп көңіл бөлінеді. Мұнда 70 гүлзар, қоғамдық кеңістік және «Көктал» саябағы орналасқан, онда 60 мыңнан астам ағаш бар. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Бауыржан Ералы айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ағаштардан басқа, аудан бойынша 17 мың шаршы метрге жуық гүлзарлар, 13 мың шаршы метрден астам көгалды қоршаулар, 707 мың шаршы метр көгалдар салынды.
Биыл көгалдандыру аясында 16 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Оның ішінде үш мыңға жуық ағаш пен екі мың бұта бар.
«2024 жылы 3 мыңнан астам ағаш, 1 мың шаршы метр көпжылдық өсімдіктер отырғызуды, сондай-ақ қолданыстағы 5 гүлзардың жергілікті суару жүйесін дамытуды жоспарлап отырмыз: «Жастар-2», «Иллюзия», «Чемодан», «Пушкин», «Үлімжіұлы-Кенжин», - деп толықтырды аудан әкімі.