
Астанада ауа райына байланысты бүгін екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2023 жылғы 21 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - деп жазады Білім басқармасы.
Астанада 21 желтоқсан күні қарлы боран мен көктайғақ болады деп болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с жылдамдыққа дейін жетеді.