
Елордада қар күреу бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
19 желтоқсаннан 20 желтоқсанға қараған түні қар күреу жұмысына 1600-ден астам арнайы техника мен 500-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылды.
Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 113 мың текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 9 мыңға жуық рейс жасалды.
Бірінші кезекте қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтірмес үшін негізгі магистральдар тазартылады. Ары қарай, қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады.
Қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.