Алматы ауданында 2023 жылы 17 көше жөнделді

Алматы ауданында 2023 жылы 17 көше жөнделді

Елорданың Алматы ауданындағы жолдар инфрақұрылымды дамыту жоспарына сәйкес үнемі жөнделіп отырады. Осы жылдың 11 айында елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Мақсат Саматұлы осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл Алматы ауданында көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ұзындығы 10,2 км болатын 17 көшені жөндеді, оның ішінде елді мекендердегі ұзындығы 2,72 км болатын 6 көшеде жөндеу жүргізілді.

«2023 жылы жолдардың бүлінуіне байланысты ауданның «IKOMEK 109» операторына 961 өтінім келіп түсті. Олар бойынша кварталішілік жолдар мен тротуарларды жөндеу жүргізілді. Аудан әкімдігімен 4 кварталішілік жол, 2 көше (Бехтерев, Қосбасар), 5 автотұрақ (Браво Фэмили; Қордай көшесі, 79, 100; Р.Қошқарбаев даңғылы, 50; Дауылпаз көшесіндегі балабақша) жөнделді», - деді аудан әкімі.