
Астанада аязды ауа райына байланысты 0-9 сынып оқушылары онлайнға ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2023 жылғы 13 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Білім басқармасы таратқан хабарламада.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 13 желтоқсан күні ауа температурасы 33 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.
Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз.