
Астана қаласында таэквондодан (WT) ҚР VI Жазғы Спартакиадасының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Турнирде еліміздің 16 облыс және 3 қаласынан 189 спортшы 16 салмақта бақ сынады. Жарыста ерлер мен әйелдер 8 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Нәтижесінде, Астана қаласының таэквондошылары VI жазғы Спартакиаданы бір күміс үш қола медальмен, жалпы есепте 11 орынмен аяқтады.
Айта кетерлігі, елімізде 4 жылда бір мәрте ұйымдастырылатын жазғы Спартакиадада барлығы 27 спорт түрінен 4000-ға жуық спортшы бақ сынады. Бұл қатарда Астана қаласы Қазақстан Республикасының Жазғы Спартакиадасының бокс, дзюдо және таеквондо сынды түрлерін өз төрінде қабылдады.