
Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде жұқа мұз адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Әдетте, балалар мен балықшылар жиі зардап шегіп жатады. Егер қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз, жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады. Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Азамат Жұмекешов айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Күзгі-қысқы кезеңде Астана ТЖД су айдындарында адамдардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу мақсатында қажетті іс-шаралар кешенін жүргізеді.
«Өзен бетіне мұз қату кезеңінде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департамент қызметкерлері аса қауіпті учаскелерде; көпірлердің астында; арнасы тар орындарда, т.б. 290 рейд жүргізді. Халық арасында мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 8000-нан астам үгіт материалдарын таратумен әңгімелер мен нұсқамалар өткізілді. Полиция департаментімен бірлесіп судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін департамент қызметкерлері әкімдікпен бірлесіп «Абайлаңыз жұқа мұз» және «Мұзға шығуға тыйым салынады» деген 100-ден астам тыйым салу және ескерту белгілерін орнатты.
Бұл бағытта балаларға да ескерту мәселесі қарастырылған. Департамент қызметкерлері мектептерге барып, балаларға қажетті дағдыларды үйрететін түрлі сабақтар өткізеді», – деді Азамат Жұмекешов.
Бүгінгі таңда мұздың қалыңдығы кейбір жерлерде 2 см ғана. Бұл мұздың өткелде және мұзда балық аулаудың қауіпті екенін білдіреді, деп ескертеді құтқарушылар.
Ережеге сәйкес, мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін кемінде 10 сантиметрді, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметрді құрайды.
«Мұздың қалыңдығын түсі бойынша анықтауға болады, мысалы, жасыл немесе көкшіл реңкпен мөлдір болған кезде қатты мұз. Мұздың түсі сұр және кеуекті болған кезде жарылып кету қаупі жоғары. Мұз ағыс кезінде, терең және ашық жерлерде, көпірлердің астында, қамыс және басқа да су өсімдіктері өсетін жерлерде жұқа болады», – деп ескертті спикер.
Ол сондай-ақ азаматтарға мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салды:
- мұздың жұқа және қауіпті жерлеріне шығуға жол берілмейді;
- қараңғыда және нашар көрінгенде (тұман, қар, жаңбыр) мұзға шыға алмайсыз;
- мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды;
- жіңішке, сықырлаған мұзға түскеннен кейін, ақырын артқа бұрылып, сырғанау арқылы оралу керек;
- су қоймасынан топпен өту кезінде бір-бірінен (5-6 м) қашықтықты сақтау қажет;
- мұзда от жағуға тыйым салынады;
- әсіресе қардың қалың қабатымен жабылған жерлерде, бұталардың, шөптердің бетінен шығып тұрған жерлерде, ағындардың су қоймаларына құятын және коммуналдық кәсіпорындардың суын ағызатын жерлерде абай болу керек;
- мұзда балық аулау кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта ойықтар жасауға болмайды. Бұл ретте мұз астынан балық аулауға жеке құтқару құралдары болған кезде ғана рұқсат беріледі.