Елорда ұжымы эстетикалық топтық гимнастикадан өткен халықаралық жарыста жеңіспен оралды

Елорда ұжымы эстетикалық топтық гимнастикадан өткен халықаралық жарыста жеңіспен оралды

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жиналған 17 құрама командадан 400-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында Қазақстандық спортшылар да бар.

Елордалық құрама жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 1 күміс, 2 қола жүлдемен, командалық 2-орынға тұрақтады.

Жарыс қорытындысы бойынша астаналық Alan-Рио (11 спортшы) құрама командасы 4 құрлық чемпионатында қола жүлдеге ие болса, Samruk (11 спортшы) құрама командасы әлем чемпионатында үшінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, Alan-Junior командасы (10 спортшы) командалық есепте 2 орынға ие болды.