
Камералдық бақылау процедураларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, расталмаған бұзушылықтар түріндегі негізгі проблема әлі де шешілмеген күйде қалып отыр. Бұл туралы Астананың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Алмат Тасболатов айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Камералдық бақылау жөніндегі бірлескен жұмыс тобы аясында, атап айтқанда, Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы мен «Атамекен» ҰКП мүшелерінің қатысуымен камералдық бақылаудың шаблондары мен процедуралары талқыланып жатыр. Осындай талқылаулардың нәтижесі бойынша тиісті түзетулер енгізіледі.
«Салық төлеушілердің ұсыныстарын ескере отырып, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, Салық кодексінің 96-бабына келесі өзгеріс енгізілді: салық төлеуші түсініктеме берген кезде растайтын құжаттардың базалық тізбесінің міндетті қосымшасын (тіркелімдер, шарттар, салыстырып тексеру актілері, үзінді көшірмелер және т.б.) ұсынған жағдайда оның банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылмайды.
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар хабарламаға жауап бермеген немесе тәуекелдерді басқару жүйесін талдау және қолдану үшін қажетті құжаттардың базалық тізбесін ұсынбаған салық төлеушілерге қатысты ғана қолданылады», - деді спикер.
Оның айтуынша бұл өзгерістер салық төлеушілердің жағдайын жақсартады, себебі олардың қаржылық-шаруашылық операцияларын тоқтатпайды және азаматтардың сот талқылау орбитасына қатысуын төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ соттардың алдағы тексерулердің нәтижелерін алдын ала анықтау мәселесін алып тастайды.
Сонымен бірге, тиімсіз бұзушылықтарды жою және неғұрылым тиімді бұзушылықтар бойынша хабарламаларды қалыптастыруды автоматтандырылған тәртіпке көшіру арқылы камералдық бақылау процедурасын оңтайландыру жүргізілген.
Рәсімдер саны 58%-ға қысқарды, КТС/ҚҚС ретінде негізгі салықтар бойынша алшақтықты анықтау 80%-ға автоматтандырылды.
«Жоғарыда көрсетілген шараларды өткізу арқылы камералдық бақылаудың тиімділігі 27%-ды құрады немесе 9%-ға өсім қамтамасыз етілді. Жалпы, салық төлеушілердің түсіндірмелерін ескере отырып, 2023 жылда 24 процедура өзгертілді.
Камералдық бақылау нәтижелеріне келетін болсақ, статистика көрсеткендей, 2022 жылмен салыстырғанда, есептелген салық сомасының 11 698,5 млн теңгеге ұлғаюы немесе өсу қарқыны 126,5% -ды құрағаны, төлем тапсырмасы бойынша түсімдер сомасының 2 324,3 млн теңгені немесе өсу қарқыны 111,1% -ды құрағаны байқалады», - деп хабарлады Алматы Тасболатов.