
Астана қаласында құлақтандыру жүйесін тексеру кезінде электр сиреналары іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
Бүгін Астанада «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, оның аясында сағат 12:55-те қаланы құлақтандыру жүйесіне электр сиреналарын, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосу және теле-радио хабарлардың таратылуын тоқтату арқылы тексеру жүргізіледі.
Бұл сигналды естіген қала тұрғындары қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер туралы ақпарат пен нұсқаулар алу үшін қолда бар ақпаратты қабылдау құралдарын (телеарналар, радио және т.б.) дереу қосуға міндетті.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын үрейге бой алдырмай, дүрбелең тудырмауын сұраймыз.