Астанада қала маңына қатынайтын екі бағыттағы автобустардың саны артады

Астанада қала маңына қатынайтын екі бағыттағы автобустардың саны артады

Қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 23 қарашадан бастап қала маңындағы №307 және №312 маршруттарда автобустар саны ұлғаяды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.

Сонымен, №307 маршрут бойынша енді сегіз автобустың орнына тоғыз автобус жүреді.

№312 маршрутта автобустар саны да артады – үштен төртке дейін.

Тиісінше, маршруттар кестесі де өзгертіледі.