
22 қараша күнгі сағат 12.20-дағы ақпарат бойынша ауа райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты Астана қаласының маңына қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қала маңы бағдарлары жолаушылары назарына!
Ауа райының нашарлауына (жауын, көктайғақ, қатты жел) және жолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Қоғамдық көлік қозғалысы бойынша барлық өзгерістерді @cts_kz парақшасынан бақылаңыз», - делінген ақпаратта.