
Астанада «Қолжетімді спорт» жобасына қатысушыларды 26 қараша күні сағат 12:00-де елордалық «Астана» орталық саябағында шаңғыроллер тасжолында өтетін кездесуге шақырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу аясында «Еуразия» скандинавиялық серуендеу мектебімен бірге скандинавиялық жүріс фестивалі өткізіледі.
Қатысушылар орталық саябақта шаңғы жолымен 1 шақырымдық символдық қашықтықты жүріп өте алады.
Сонымен қатар «Еуразия» скандинавиялық серуендеу мектебінің негізін қалаушы Максим Прощенко фестиваль қатысушыларына тегін шеберлік сабағын өткізеді.
Фестивальдің әрбір қатысушысына сыйлық ретінде футболка мен қатысқаны үшін сертификат беріледі.
Фестиваль аяқталғаннан кейін бірден өтетін жоба серіктестерінің жүлделер ұтысына қатысуға болады.