Астанада полицейлер «Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді

Астанада полицейлер «Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді

Елордада құқық қорғау органдары жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған рейдтер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Рейдтерді өткізу барысында құтқарушылар өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, төтенше жағдайда өздерін және мүлкін қалай қорғау керектігі туралы үйретеді, ал полиция қызметкерлері заңнама мен қоғамдық тәртіптің сақталуын тексереді.

«Полиция департаментінің басқармасы Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп Алматы ауданының жатақханалары бойынша рейд жүргізіп жатыр.
Олардың мақсаты – жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеру. Тұрғылықты азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, жадынамалар табыстаймыз», - деді Алматы ауданы ТЖБ аға инженері Руслан Серіков.

Бір күнде барлығы 10 жатақхана тексерілді.

«Мұндай тексеру тұрақты негізде жүргізіледі. Бізге ай сайын келіп, тексеріп тұрады.
Тұрғындардың қауіпсіздігі бәрінен жоғары», - деді жатақхана тұрғыны Гүлнәр Тұрлыбек.

Рейдке ТЖД, полиция, әкімдік қызметкерлерімен қатар еріктілер мен белсенділер қатысады.