Астанада «Күздің сыйлықтары» атты балаларға арналған шеберлік сабағы өтті

Астанада «Күздің сыйлықтары» атты балаларға арналған шеберлік сабағы өтті

Астана қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Сәния Өмірсерікқызы «Күздің сыйлықтары» атты балаларға арналған шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметшілерден құралған «Еріктілер кеңесі» Консультативтік-кеңесші органның мүшесі, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының бас маманы Сәния Омарова өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуда.

Ол бос уақытында Орталықтандырылған кітапханада балаларға арналған шығармашылық, шеберлік сабақтарын өтіп, оларға өз білгенін үйретуден аянбайды. Себебі біздің болашағымыз өскелең ұрпақтың қолында екенін жадында мәңгі сақтап, олардың болашағы үшін әркез алаңдайды.

Шеберлік сабаққа қатысқан балалардың айтуынша, Сәния Өмірсерікқызы осы жерде шығармашылық сабақтарын жиі өткізіп, балаларға түрлі бұйымдарды жасауды үйретіп, олардың уақытын тиімді әрі қызықты өтуіне көмектеседі.