Футболдан Қазақстан құрамасын ерекше қажеттіліктері бар жанкүйерлер қолдады

Футболдан Қазақстан құрамасын ерекше қажеттіліктері бар жанкүйерлер қолдады

Астанада футболдан Еуро-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтіп жатыр, онда Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ерекше қажеттіліктері бар 40 адамнан тұратын топ футболдан ұлттық құраманы қолдау үшін матчқа арнайы келді.

Олардың арасында түрлі қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белсенділер мен еріктілер бар. Олар «Астана-Арена» стадионында жанкүйерлер ретінде қатысты.