
16 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жеткенін хабарлады. Бұл оқиғаның маңыздылығы мен ерекшелігі туралы Астана әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл қуанышты әрі маңызды оқиға! Балалы болу – бұл әр отбасы үшін әрі қоғам үшін ерекше оқиға! Интернационалды Қазақстанда баланың тууы қашанда ерекше іс-шаралармен атап өтіледі. Өмірге келгендердің бәріне және олардың ата-аналарына денсаулық, амандық және бақытты өмір тілеймін!» - деп құттықтады Назгүл Мақжан.
Ол мемлекеттің басты құндылығы адам екенін атап өтті.
«Заманауи ақпараттық қоғамның, технологиялардың, жасанды интеллектінің дамуы жақсы, бірақ мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің басты құндылығы, кепілі қашанда адам болып қалады! Бүгінде Қазақстан отбасы, ана мен бала институттарын, дәстүрлі адами құндылықтарды қолдау және дамыту үшін жағдай жасай отырып, 20 миллионы бар қатарға лайықты еніп отыр. Бұл біздің жарқын болашағымыздың белгісі болмақ», - деп қосты ол.