«Тоқта, вандал»: Астанада күндізгі рейдтерді белсенділер жүргізіп жатыр

«Тоқта, вандал»: Астанада күндізгі рейдтерді белсенділер жүргізіп жатыр

Елордада «Тоқта, вандал» акциясы аясында белсенділер күндізгі рейдтер өткізеді, қала тұрғындарына түсіндіру жұмысын жүргізеді және көше нысандарын түрлі жазулардан және былғанған жерлерін кірден тазартады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Күндізгі рейд елорданың барлық бес ауданында өткізіледі. Оларға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар қатысады. Олардың арасында спортшы және әлеуметтік кәсіпкер Айтым Жақыпов бар.

«Бүгін бізде әкімдікпен және полиция департаментімен бірлесіп «Тоқта, вандал» кезекті акциясы өтті. Біз боялған, қаламдармен есімдер жазылған көптеген орындықтар бар екенін көрдік. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды ең алдымен спортқа қызықтыру», - деді Айтым Жақыпов акция туралы.

Науқанға қатысушылар рейдтер кезінде көшелерді қоқыстардан және жазулардан тазартады, қала тұрғындарына қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы профилактикалық түсіндіру жүргізіледі және оларды спортқа қызықтырады.

«Тоқта, вандал» акциясы жыл басынан бері әкімдіктің қолдауымен өткізіліп келеді. Оған «Астана жастары» ЖРО еріктілері, белсенді азаматтар, қала тұрғындары, қоғам белсенділері қатысып жатыр. Рейдтер елорданың барлық бес ауданында өтуде», - деп атап өтті NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Альфараби Аймақ.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері құқық қорғау органдары вандализм әрекеті үшін 100-ден астам адамды анықтап, жауапқа тартты. Қала бойынша күнделікті патрульдеуді екі мыңнан астам полиция қызметкері жүзеге асырады.