
Дзюдодан ерлер арасында Қазақстан чемпионатында 60 келіде белдескен Астана қаласының спортшысы Ержан Еренғайыпов күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетерлігі, ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатына 17 облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 463 дзюдошы қатысып жатыр. Біріншілік 15 қарашаға дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалғасады.
Ал ертең жарыстың ашылу салтанаты Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында сағат 16.30-да өтеді.