
Мемлекет басшысы есірткінің, әсіресе синтетикалық препараттардың таралу проблемасы туралы үнемі қозғайды. Есірткі айналымына жастар мен жасөспірімдердің қызығушылығы ерекше алаңдаушылық туғызады. Есірткі қылмысына қарсы күрес қалай жүргізіліп жатқанын елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркеш Халықов айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 10 айында Астанада 194 есірткі қылмысы тіркелді, заңсыз айналымнан 265 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
Есірткіге байланысты 124 қылмыстық іс аяқталды және сотқа жіберілді, оның 67-сі – аса ауыр, 57-сі – ауыр.
«Есепті кезеңде елорда аумағында 5 (бес) есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, оның ішінде 4 фитолаборатория, онда Астана қаласының тұрғындары ұсталды, олар үй жағдайында түрлі құрылғылардың көмегімен құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді дайындаумен, өсірумен айналысқан. Сондай-ақ, Украина азаматы ұсталды, ол Қарағанды облысының аумағында есірткі құралдарын өндіру бойынша нарколаборатория ұйымдастырған», - деді спикер.
Ол сондай-ақ күн сайын әлеуметтік желілерде «закладчик» жұмысын ұсыну туралы хабарландыруларға, сондай-ақ есірткі сататын интернет-дүкендердің мекенжайлары бар граффити суреттерін орналастыруға бей-жай қарамайтын азаматтардың сыни жарияланымдары орналасатынын атап өтті.
«Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын мазмұнды анықтау үшін интернет кеңістігінің мониторингі тұрақты негізде жүзеге асырылады. Жыл басынан бері есірткі жарнамасын жүзеге асыратын 60 сайт бұғатталды. Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, жастар қозғалыстарының еріктілері және спорт ұйымдары белсенді қатысуда, олармен бірлесіп 2023 жылдың есептік кезеңінде 257 профилактикалық іс-шара өткізілді», - деп хабарлады Еркеш Халықов.