«Әйгерім» тұрғын үй кешеніндегі өрт: зардап шеккендер жоқ

«Әйгерім» тұрғын үй кешеніндегі өрт: зардап шеккендер жоқ

4 қараша күні сағат 11:34-те «Әйгерім» тұрғын үйкешеніндегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Өрт Алматы ауданында Қ.Сәтпаев көшесі, 29/1 мекенжайында орналасқан «Әйгерім» тұрғын үй кешенінің 24-қабатындағы пәтерлердің бірінде болды.

Өрт сөндіруге жеке құрамның 17 адамы және Астана ТЖД арнайы техникасының 4 бірлігі жұмылдырылды.

Үйдің барлық тұрғындары эвакуацияланды, өрттен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардан үрейге бой алдырмауын және сабыр сақтауын сұраймыз.