Астанада қар жауды. Тазалау жұмысына жүздеген жол жұмысшы мен техника жұмылдырылады

Астанада қар жауды. Тазалау жұмысына жүздеген жол жұмысшы мен техника жұмылдырылады

Коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Күз-қыс кезеңінде елорданың бес ауданында қала аумағын санитарлық тазалау жұмысына екі мыңнан астам арнайы техника және жауын-шашын көп болған жағдайда үш мыңға жуық жол жұмысшы жұмылдырылады.

Коммуналдық қызметтер толықтай дайын және қала аумағын жылдам тазарту үшін қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етілген. Бірінші кезекте жолаушылар маршруттар қатынайтын жолдар, сол сияқты аялдамалар мен тротуарлар бойынша орталық көшелердегі жолдар тазартылады.

Сол сияқты қар полигондары самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.