
Астанада еріктілер қозғалысы жылдан жылға белсенді дамып келеді. Елордалық еріктілер түрлі салаларда жұмыс істейді. Қалада осындай 50-ге жуық ұйым мен қозғалыс белсенді жұмыс істейді. Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астанадағы волонтерлікті дамыту және қолдау туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалада 50-ге жуық волонтерлік ұйым мен қозғалыс белсенді жұмыс істейді, олармен тиімді жұмыс жолға қойылған. Биыл әкімдік осы бағытта шаралар кешенін іске асырды.
«Астана жастары» ЖРО базасында төртінші жыл Волонтерлер жылы шеңберінде және 2021-2023 жылдары волонтерлікті дамытудың жол картасын орындау аясында волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарды шоғырландыруды ұйымдастыру, ақпараттық және ресурстық көмек көрсету, қалада іс-шараларды есепке алуды жүргізу, күш-жігерді біріктіру, дербес қозғалыстар санын ұлғайту үшін қалалық волонтерлер штабы жұмыс істейді. Тұрақты негізде 30 волонтерлік ұйыммен және 20 бастамашыл топпен, 4 ҮЕҰ-мен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында кәсіпорындар мен қала меценаттарымен ынтымақтастық және бірлескен қызмет жүргізіледі. Штабта 5000-нан астам белсенді ерікті бар», - деді Қайрат Қамбаров.
Сондай-ақ, волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, қала әкімдігі «BizBirgemiz», «Қауіпсіз қала», «Қамқорлық мекенжайлары», «Ардагерлерді ардақтайық», «Taza Alem» және т.б. аясында 1000 қайырымдылық акциясын өткізді. 4000 азық-түлік себеті, 3000 адамға ыстық тамақ тасымалдау, киім мен жиһаз тарату, оқыту, адамдарды іздеу және т.б. түрінде көмек көрсетілді. Қыс мезгілінде қала кәсіпорындарымен бірлесіп 50 мекенжайда қар күреу іс-шарасы өтті.
Бұдан басқа, «Қауіпсіз қала» жобасы аясында еріктілер халық санағы, газдандыру туралы хабардар ету, жылыту маусымы мен көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары, шомылу маусымындағы тәртіп ережелері, тыйым салынған заттарды сату туралы жарнаманы бояу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарына тұрақты негізде тартылды.
«Қалалық іс-шаралардың көпшілігі еріктілердің қатысуымен өтеді. Волонтерлер волонтерлік қызмет саласында қазақстандық имиджді дамытады. Жыл сайын «Астана жастары» еріктілері ғана осындай форматтағы 150 іс-шараға жұмылдырылады.
2020-2022 жылдары еріктілер ұйымдары еріктілерге арналған жабдықтар алды, кейбір ұйымдар өз қызметін ілгерілету үшін үй-жайлар алды. «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ үшін халықаралық волонтерлік орталығын ашу мақсатында үй-жай бөлінді», - деп толықтырды спикер.