
Астана әкімдігі елордада ауыз сумен қамтамасыз етудің тоқтау себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Кеше сумен жабдықтаудың бұзылуы болды. Бұл негізінен қаланың оң жағалауында болды. Елордада барлық сорғы-сүзгі станциялары Алматы ауданында орналасқан. Әрине, электр қуатын шектеген кезде, сорғы жабдықтары да бірнеше сағат бойы кідіріп тұрды. Бұл сумен жабдықтауға әсер етті. Өткен түні барлық мәселелер шешілді. Сумен жабдықтау толығымен реттелді, - деді Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте елорда әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов.