
Елордада тұрғын үйлердің бір бөлігі желідегі апатқа байланысты электр қуатынсыз қалды. Жергілікті орындарда апаттық қызметтер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қазіргі уақытта апаттың себебін жою жұмысы жүргізіліп жатыр.
Жергілікті жерде коммуналдық қызмет қарқынды жұмыс істеп жатыр.
Электр қуаты шамамен 30 минут ішінде қалпына келтіріледі. Жүргізіліп жатқан жұмысқа түсіністікпен қарауды сұраймыз.