Жастар арасындағы Азия чемпионаты: елордалық 8 боксшы жартылай финалда жұдырықтасады

Жастар арасындағы Азия чемпионаты: елордалық 8 боксшы жартылай финалда жұдырықтасады

Астана қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалға шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін 1/4 финалда 10 жерлесіміз сынға түсті. Нәтижесі төмендегідей:

48 келі. Бексұлтан Боранбек – Аббас Фадхил (Ирак) 5:0
51 келі. Ислам Машкентаев – Аббас Касым (Ирак) 1:4
54 келі. Жансері Көшербаев – Сэнто Ито (Жапония) 3:4
57 келі. Бек Жолдасбек – Азиз Киличев (Түрікменстан) 3:4
60 келі. Бахтияр Анарбаев – Цай Чэнь-Ю (Тайпей) 5:0
63,5 келі. Төрехан Сабырхан – Кахрамонжон Фозилов (Өзбекстан) 5:0
67 келі. Нұрбек Мурсал – Моэто Кавамура (Жапония) 5:0
71 келі. Ислам Советов – Парк Губина (Оңтүстік Корея) 5:0
75 келі. Алдияр Абдиллаев – Чен Син-Хонг (Тайпей) отандасымыз айқын басымдылықпен жеңді.

80 келі. Дәулет Төлемісов – Ю И-Чэн (Тайпей) отандасымыз айқын басымдылықпен жеңді.

Ал 86 келідегі Виктор Литвинов жарыс жолын 1 қараша күні бірден жартылай финалдан бастайды.

92,+92 келідегі жерлестеріміз ширек финалдық айқастарын алдағы күндері өткізеді.

Бүгін жасөспірім қыздар жарыс жолына шығады.