
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Астана қаласының спортшысы Бауыржан Арыстанбеков қола медаль еншіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Пара дзюдоның J1 санаты бойынша 90 келіде сайысқа түскен жерлесіміз үшінші орын үшін таласта Индонезиядан келген пара спортшыдан басым түсті.