Серік Негимов: Елбасының үндеуі халқымыздың тұтастығын аман сақтауға үндейді

Серік Негимов: Елбасының үндеуі халқымыздың тұтастығын аман сақтауға үндейді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне қатысты білдірді.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің атан түйеге татырлық аталы, баталы, дұғалы сөзінде ұлы даланы мекендеген ұлы жұртымыздың, ұлы халқымыздың рухының, қайратының, жігерінің мұқалмауына үндейді. Ұлтымыздың тамаша ұлық қасиеттерін мәлімдейді. Ұлт денсаулығы мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі дегенді өте-мөте дәл, осы уақытта ерекше сөз деп айтқанымыз дұрыс», дейді С.Негимов.

Сондай-ақ ол Елбасының көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмен, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алу керек деген ойларын қуаттайды.

«Елбасы адамдардың өзіне деген сенімі, бойындағы қуаты, қажыры замана дауылынан аман сақтап қалатындығын анық айқындап айтты. Дана Абай «Уа, халқым! Жігерлен, сілкін, қайраттан беркін» дегендей, бұл ойды еліміз ұран сөзіндей қабылдауы тиіс. Елбасының осы бір үндеуі халқымыздың тұтастығын аман сақтауға үндейді», дейді профессор.