
Құтқарушылар күні қарсаңында Астанадағы Binom School-да оқушылар арасында «Жас құтқарушы» зияткерлік ойыны өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Іс-шара жыл сайын дәріс форматында өткізіледі. Алайда, биыл біз тұжырымдаманы өзгерттік және оны ойын-сауық форматында ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдадық. Іс-шараның мақсаты оқушылардың адамның күнделікті өміріндегі қауіптер туралы білімін кеңейту, балаларда экстремалды жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен басқа адамдардың қауіпсіздігіне көңіл бөлу болып саналады», - деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы.
Ойын теориялық және практикалық тапсырмалары бар төрт турдан өтті. Оған әрқайсысы 5 адамнан 6 команда қатысты. Жас құтқарушыларға достары, мұғалімдері және қазылар алқасы қолдау білдірді.
«Елордада біз «Бином» мектептері арасында өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін тексеру үшін зияткерлік ойын ұйымдастырдық. Биыл сабақ беру әдісі өзгерді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ойын-сауық форматын қолдандық», - дейді Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Талғат Қайырлинов.
Алдағы уақытта мұндай шараларды тек мектептерде ғана емес, балабақшаларда да өткізу жоспарланып отыр.
Болашақта мұндай іс-шараларды тек мектептерде ғана емес, балабақшаларда да өткізу жоспарда бар.