Астанада Республика күніне орай ат спортынан Қазақстан чемпионаты өтеді

Астанада Республика күніне орай ат спортынан Қазақстан чемпионаты өтеді

21-22 қазанда елордада ат спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте турнирді өткізу туралы ҚР Ат спорты федерациясының президенті Дәурен Асхат пен еліміздің ат спорты бойынша бас жаттықтырушысы Әсет Толқымбеков айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Кедергілерді еңсеру бойынша Турнир (конкурс) «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешенінде өтеді, бұл жарыстар Республика күніне орайластырылған.

«Конкур Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен жүзеге асырылатын ат спортының олимпиадалық түрі болып саналады. Алғаш рет конкурдан республика чемпионаты Астана қаласында «Арғымақ» жаңа ат спорты сауықтыру кешенінің аумағында өткізіледі, сондай-ақ басқа да шарттар халықаралық деңгейдегі жарыс стандарттарына сәйкес келеді. Бұл кедергілердің биіктігі 160 сантиметрге дейінгі маршруттарды – Гран-При деңгейін орнатуға мүмкіндік берді», - деді Дәурен Асхат.

Турнирді өткізу үшін әлемнің үздік 10 төрешісінің қатарына кіретін ең жоғары халықаралық санаттағы судья шақырылды.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50-ден астам мықты спортшы екі күн бойы түрлі биіктіктегі 8 маршрутта өз шеберліктерін көрсетіп, 2023 жылғы конкурс бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы атағы үшін күреседі деп жоспарланып отыр.

Чемпионатты Астана әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясы және елорданың олимпиадалық және ұлттық ат спорты түрлері федерациясы өткізеді.

Жарыстың жүлде қоры 26 миллион теңгені құрайды.