Елордалық оқушылар Республика күніне орай арнайы акцияны бастады

Елордалық оқушылар Республика күніне орай арнайы акцияны бастады

Республика күні қарсаңында елордалық мектептерде ұлттық мерекеге арналған салтанатты іс-шаралар, концерттік бағдарламалар, дөңгелек үстелдер мен ашық сабақтар өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бұл күндері Астананың барлық мектебінде салтанатты және шығармашылық іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, елордалық оқушылар акцияны әлеуметтік желілерде бастады, онда олар ашық сабақтардың қалай өтіп жатқанын көрсетеді. Видеороликтерде оқушылар педагогтармен бірге мемлекеттік мерекелердің маңыздылығын талқылайды және мерекелік күнге арналған өлеңдер оқиды.

Елордада Республика күнін атап өту үшін 200-ге жуық іс-шара өтеді.