
10 қазаннан бастап CTS көлік компаниясы көліктің барлық түрлерін – жеке, қоғамдық, такси және т.б. пайдаланушылардың мінез-құлқын анықтау мақсатында астаналықтар арасында әлеуметтік сауалнаманы іске қосты.
City Transportation Systems мақсаты – автокөлік жүргізушілеріне, қоғамдық көлік, такси және басқа да қызметтерді пайдаланушыларға ыңғайлы сапар үшін тиімді шешімдер әзірлеу.
Елорда тұрғындарынан бірнеше минут уақытын бөліп, сауалнама сұрақтарына жауап беру арқылы қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектесуі сұралады.
Сауалнаманы сілтеме бойынша толтыруға болады.