
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан әйелдер арасындағы 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған елордалық Галина Дуванова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
24 жастағы жерлесіміз осыған дейін 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарында 9-орыннан көрінген болатын.
Бұл - қазақстандық джиу-джитсу шеберлерінің жазғы Азия ойындарында ел қоржынына салған бесінші медалі.