
Астана қаласының спортшысы Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Джиу-джитсу шебері елордалық Нұржан Батырбеков Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында топ жарды.
69 кг дейінгі салмақтағы жерлесіміз финалда Мұхаммед әл Суваидиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті жұлып әкетті. Есеп 4-2. Бұл - Қазақстан делегациясының еншісіндегі жетінші жүлде.
Нұржан жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Чо Сон-хённан (Оңтүстік Корея) басым түскен. Оған дейін не-ваза жүйесіндегі айқастарда қазақ спортшысы Рамшед Абдуллоев (Тәжікстан) пен Хаммам Осама Кандилді (Сауд Арабиясы) айқын басымдықпен жеңген.