Астанада «5G KcellRUN» марафоны өтеді

Астанада «5G KcellRUN» марафоны өтеді

Астанада «Қазақтелеком» компаниялар тобының ұйымдастыруымен «5G KcellRUN» марафоны өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марафон 30 қыркүйек күні Астана қаласындағы Ботаникалық бақта 5 және 10 шақырымдық қашықтық бойынша өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша іс-шара Түркістан қаласында қатар өтеді. «5G KcellRUN» бағдарламасының басты ерекшелігі бесінші буын технологиясын қолдана отырып, қатысушыларды екі қалада тікелей эфирде байланыстыратын телекөпірі болмақ. Сонымен қатар, марафоншылар екі саябақта 5G артықшылықтары мен мүмкіндіктерін бірінші болып қолдана алады.

«5G KcellRUN» марафонының жалпы жүлде қоры – 10 000 000 теңге.

Қатысушылар саны шектеулі.

Елордада старт саны – 600.

Марафонға өтініш kcellrun.kz сайты арқылы қабылданады.