
Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында 100 метрге butterfly әдісімен жүзуде астаналыш Әділбек Мусин 51.98 уақыт көрсеткішімен мәреге үшінші болып келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетейік, жерлесіміз 2018 жылы Жакартада өткен Азия ойындарында да 2 мәрте қола жүлдегер атанған еді.
Осылайша, ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тоғызыншы қола жүлде түсті.