
Елорданың «Green TAL» шеберханасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үздік ұста» және «Үздік тігінші» номинациялары бойынша «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік байқауы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Байқауға 20 адам қатысты. «Үздік ұста» және «Үздік тігінші» атағы өз ісінде шеберлік танытқан мамандарға беріледі.
«Үздік» жобасы аясында «Үздік ұста» және «Үздік тігінші» байқауы өткізіледі. Жобаның мақсаты – осы мамандықтарды насихаттау, дағдыларды жетілдіру және дамыту. Байқауға қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын, білімдерін көрсетті. Жоба «Астана жастары» ЖРО» КММ және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен екінші жылы жүзеге асырылуда», – деді NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің маманы Әсел Болатқызы.
Байқау теориялық білімді тексеруден және практикалық тапсырманы орындаудан тұрды.
«Қатысушылар белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды: шеберлік деңгейі, сенімділік, жұмыстың дәлдігі.
Бұл салада кәсіби болудың қажеті жоқ, ең бастысы – тәжірибе. Байқауда белгілі бір шектеу жоқ, жаңадан келгендер мен өз ісінің кәсіпқойлары қатыса алады», – деп атап өтті «Green TAL» тігін цехының басшысы Сабина Бейсенова.
Қатысушы Ольга Избицкая өзінің алғашқы тәжірибесімен бөлісті.
«Бұл менің осы жобаға алғашқы қатысуым. Байқау басталардан екі ай бұрын қатты дайындалып, жеңіске жетуге деген ұмтылыс болды. Мен капюшон тігуді көрсеттім», – деп эмоциясымен бөлісті.
«Үздік ұста» номинациясы бойынша байқау жеңімпазы Батырбек Төлеутай болды. «Үздік тігінші» номинациясында бірінші орынды Әсел Ахметова иеленді.