
«Астана қаласының ҮЕҰ Альянсы «ЗТБ» КАМЕДА» ҚҚ-мен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2023 жылғы 5 қазанда «Құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның әріптестігі» тақырыбында XI астаналық азаматтық форум өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Форум – азаматтық қоғамды перспективалық дамыту және олардың құқықтық мемлекет құруға қатысуы жөніндегі шешімдерді әзірлеу үшін мемлекет-бизнес-азаматтық қоғамның қатысуымен өтетін интерактивті диалог алаңы.
Қарапайым тілмен айтқанда, Форум-3 сектор арасында тиімді және сындарлы диалог құрудың басты алаңы.
Форум қоғамның барлық 3 секторын біріктіреді және дамудың бірыңғай векторын қалыптастыру үшін әр 2 жыл сайын өткізіледі.
Мемлекет басшысы Жолдауында «бізде болашақтың айқын бейнесі және жаңа Қазақстанның – мықты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекеттің контуры бар. Бұл мәселеде кез-келген еліктеу, диалогтың көрінуін жасау мүмкін емес.
Біз елдегі азаматтық белсенділікті оятып, мемлекет пен қоғам арасындағы саналы және сындарлы әріптестік процесін бастауға тиіспіз» деп атап өткен. Алдағы Азаматтық Форум стратегиялық шешімдерді әзірлеу және азаматтардың құқықтық мемлекетті қалыптастыруға қатысуы мақсатында мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы үшін маңызды арена ретінде қызмет ететін болады.