«Агломерацияларды дамыту туралы»: Астанада ұсыныстар қабылдау басталды

«Агломерацияларды дамыту туралы»: Астанада ұсыныстар қабылдау басталды

«Агломерацияларды дамыту туралы» ҚР заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес 2029 жылға дейін Астана агломерациясын дамытудың кешенді жоспарына енгізу үшін жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұсыныстар қысқа қорытындыланып, негіздемесімен қоса берілу қажет. Онда экономиканы (азық-түлік белдеуі, ауыл шаруашылығы және а/ш өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы, рекреация, логистика және т.б.), сондай-ақ инженерлік-көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені қоса ұсынылуы тиіс. Қаржыландыру көздері мен іс-шараларды жүзеге асыру мерзімдері көрсетілуі міндетті.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі – 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін.

Ұсыныстарды smgp@astanagenplan.org.kz электронды поштасына жолдау қажет.

Байланыс телефоны: 8(717 2) 47 20 63, ішкі 2117.

Байланысқа жауапты тұлға: «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС Бас жоспарының мамандандырылған шеберханасының басшысы Әлібаев Мәулет Біләлұлы.